Мекенжайы:
Мекенжайы:
Женева көлінің мөлдір суы, табиғаты әсем жағалау. Швейцарияның шығыс бөлігіндегі Аньер коммунасы - дипломаттар, банкирлер және қалталы швейцариялықтар тұратын көрікті жер.
Мұндағы үйлердің көбі – шифермен жабылған я мансардалы қарапайым ғимараттар. Кейбірінде ежелгі грек не Рим заманындағыдай коринфтік үлгідегі колонналар бар. Тағы бір үйдің көк шалғынында Жура тауына көз тастап отыруға болатын жаппа тұр. Көл бойындағы үйлердің кейбірінің жанында қаңтарылған моторлы я ескекті қайық байқалады. Бұл үйлердің көбі қауіпсіздік үшін биік дуалмен қоршалған әрі камера орнатылған.
Қалашықтағы қарапайым үйлердің арасында бір вилла ерекшеленіп, көзге бірден түседі. № 399 Route D'Hermance мекенжайында орналасқан үш қабатты зәулім үйдің аумағы 3200 шаршы метр. Вилланың 25 метрлік бассейні, спа, қонақ күтетін орны және терассасы бар.
Бұл – аймақтағы ең қымбат үй. Швейцариядағы құжаттарға сай, бұл вилланың иесі – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева. Динара мен оның күйеуі Тимур Құлыбаев бұл вилланы 2009 жылы 75 миллион долларға сатып алған. Динара және Тимур Құлыбаевтар Қазақстандағы ең бай адамдардың қатарында.
Динара мен Тимурдан бөлек Назарбаевтың басқа да жақындарының Батыста қымбат үйлері бар.
Назарбаевтың туыстары кейінгі жиырма жылда АҚШ пен Еуропада жүздеген миллион долларға жылжымайтын мүлік сатып алған. Бұл үйлер әйгілі өзен-көлдердің бойында, Манхэттендегі көпқабатты биік ғимараттарда, Лондондағы ауқаттылар ауданында, Испанияның Коста Брава жағалауында орналасқан.
Азаттық радиосы жаңа зерттеу жүргізіп, Назарбаев жақындарының, соның ішінде оның екі қызының, жиендерінің және інісінің шетелдегі мүліктері жайлы жан-жақтан ақпарат жинап шықты.
Зерттеуде Назарбаев туыстарының шетелдегі мүлкінің бір бөлігі қамтылған. Дегенмен бұл зерттеуден Назарбаев маңындағы адамдардың шетелдегі қымбат мүліктерінің құны, орналасқан жері жайлы деректерді таба аласыз.
Қазақстанды отыз жыл басқарған Назарбаев 2019 жылғы наурызда президенттіктен кеткен, бірақ ол пәрмені күшті Қауіпсіздік кеңесінің және «Нұр Отан» партиясының басшысы ретінде билікке ықпал етіп отыр. Ол 2010 жылы «елбасы – ұлт көшбасшысы» статусын алған. Бұл статусқа сай, Назарбаев және оның отбасы мүшелері қылмыстық жауапқа тартылмайды.
2019 жылы Қазақстан ел астанасының атын Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгерткен.
Нұрсұлтан Назарбаев
Бұл зерттеу Назарбаев жақындарының жылжымайтын мүлікке салған инвестициясының ауқымынан хабар береді және Қазақстандағы билеуші әулеттің маңайындағы қанша адамның ауқатты аудандардағы қымбат активтерге иелік ететінін көрсетеді.
Азаттық радиосы Назарбаев әулеті мүшелері мен оның күйеу балаларының 20 жыл ішінде АҚШ және Еуропа елдерінде жылжымайтын мүлік алуға 785 миллион доллар ақша жұмсағанын есептеп шығарды. Бұған содан бері сатылып кеткен бірнеше мүлік, соның ішінде Назарбаевтың інісі – Болаттың АҚШ-тағы миллиондаған долларға алынған пәтерлері кіреді. Испаниядағы Құлыбаевқа тиесілі ауқымды поместьенің бағасы бұл сомаға кірмеді, себебі оның сатып алу бағасын анықтау мүмкін болмады.
Бұл мүліктерді сатып алу үшін көп қаржы кеткен. Ал үйді алған Назарбаевтың жақындары мұнайға бай елде энергетика, банк және басқа да салаларда, жоғары мемлекеттік қызметтерде істеген.
Отбасылық және саяси байланыстардың қатысынсыз, бизнесіміз сәтті жүріп, ауқатты болдық деп жүрген Назарбаев туыстарының бұл байлықты жинауына оның қолдауы сеп болды деп көп айтылады.
Олардың арасында ең танымалы – Құлыбаев. Ол мұнай-газ және басқа салаларда жинаған байлығы – отбасылық байланыстың арқасы дегенді жоққа шығарумен келеді. 2 желтоқсанда Financial Times Қытайға тартылған үлкен құбырға қатысты келісімшарттардың артындағы Құлыбаевқа ондаған миллион доллар ақша жөнелтіп тұратын құпия схеманы тапқаны туралы жазды. Оның адвокаттары бұл репортаж бойынша Financial Times-қа нақты мәлімет бермеді, Азаттықтың сауалдарына да жауап қатпады.
Азаттық мәліметтерін тапқан бұл үйлердің кейбірі сот істеріне, ажырасқан екі адамның арасындағы үлкен дауға, Ұлыбританиядағы қымбат үш үйге бұғаттау өтінішіне себеп болды.
Совет одағы құлаған соң елдің ұлттық байлығы өскен сәтте шетелде алынған үйлер де көбейе түсті. Елдегі әлеуметтік ахуал жақсарған тұста саясаттағы элита қалталы магнатқа айналып, сары басылымдардың тақырыбына арқау болды.
80 жастағы Назарбаев биліктен толық кеткенде оның орнын кім басатыны, жақындарының байлығының тағдыры қалай болатыны нақты белгісіз.
«Жүйе өте осал. Назарбаев құрған саяси экономика бір адамға ғана негізделген» деді Орталық Азиядағы саяси ахуалды зерттейтін сарапшы, лондондық консультант Кейт Мэллинсон Азаттық радиосын.
Мэллинсон «Назарбаевтың туыстары мен жақын серіктері болашағын күні бұрын ойлап, активтерін сыртқа шығаруға мәжбүр болды» деп санайды.
Қазақстандағы ең ірі және ұзақтан бері жұмыс істейтін адам құқығы жөніндегі ұйымның басшысы Евгений Жовтис «билікті [Назарбаев] отбасынан бөліп қарау мүмкін емес» және «Назарбаев өмірден өткен соң жағдайдың қалай боларын болжау қиын» деп есептейді.
«Мұндай саяси жүйеде өмір сүріп жатқан адам заң үстемдігі қорған болады деп үміт ете алмайды» дейді ол.
Белгісіз
34 млн доллар
$113.2 million
72 млн доллар
Белгісіз
$3,4 миллион
$20 миллион
$2.6 миллион; $1.7 миллион (әрқайсысының бағасы)
$20.2 миллион
Белгісіз
74 135 доллар
1,4 млн доллар
62 700 доллар
300 000 доллар
140 млн доллар
214,5 миллион доллар
92,2 млн доллар
39,9 млн доллар
30,1 млн доллар